Мықты және әділ Қазақстан үшін дауыс бердім – Смайылов
Премьер-министр Әлихан Смайылов кезектен тыс президент сайлауына келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Егер Қазақстанымыз ары қарай өсіп, өркендей берсін десек, барлығымыз азаматтық белсенділігімізді танытып, Мемлекет басшысы лауазымына ең мықты кандидатқа дауыс беруіміз керек. Мен өз таңдауымды жасадым. Мықты және әділ Қазақстан үшін дауыс бердім, - деді Премьер-министр.
Ол өз сөзінде қазақстандықтарды өзі қалаған кандидатқа дауыс беруге шақырды.
Президент сайлауы мемлекетіміздің алдағы 7 жылдағы даму бағытын айқындайды. Сондықтан әрбір азамат өзінің сайлау учаскесіне келіп, өзі қалаған кандидатқа дауыс беру керек, – деді Смайылов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Өзгелердің жаңалығы