Мыңға жуық елордалық баланың ата-анасы вакцина салдырудан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. 

Сондай-ақ ол ата-анасы баласына екпе салдырудан бас тартатын себептерді алға тартты. 

2016 жылдан бастап ата-анасының жеке сенбеуі себепті 545 бала, діни наным-сенімге байланысты – 150 бала, вакцинаға сенімсіздік салдарынан – 150 бала, жағымсыз ақпараттың ықпалынан 68 бала екпе алмады. Осылайша, ата-анасының бас тартуы себепті ғана 913 елордалық бала инфекциядан қорғалмаған. Көптеген қауіпті инфекциялық аурудан қорғанатын тиімді құралдар бар қазіргі заманда мемлекет әр азаматқа Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген тегін екпені алуға құқық беріп отыр, - деді Сархат Бейсенова. 

Соымен қатар дәрігер вакцинаның маңыздылығына тоқталды.

Вакцина салу жыл сайын миллиондаған балалар мен ересектердің өмірін құтқарады. Мыңдаған балаларды індет жұқтырудан қорғайды. Балаңыздың екпе алғаны маңызды. Өйткені көптеген елде жойылған дифтерия, полиомиелит сынды жұқпалы инфекциялық аурулар қайта өршуі мүмкін. Екпеге қарсы көрсеткіштер аз. Егер вакцина балаңызға кері әсер етеді деп күдіктенсеңіз, дәрігермен кеңесіңіз. Вакцина – қауіпті аурулардың алдын алатынын естен шығармаған дұрыс, - деп түсіндірді Сархат Бейсенова. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы