Мыңдаған палестиналық Газа қаласын тастап кетіп жатыр

Газа қаласынан мыңдаған палестиналық Газа қаласынан кетуге мәжбүр. Себебі Израильдің аумақты бақылауға алуға бағытталған құрлықтағы операциясы екінші күн қатарынан жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Израиль билігі бұл қадамды ХАМАС тұтқындаған адамдарды босату және содырларды жою мақсатымен түсіндіреді.

Алайда Save the Children, Oxfam сынды 20-дан астам ірі гуманитарлық ұйымбұны қатаң сынға алып жатыр.

Газаға қатысты жағдайдың адамгершілікке жат қырлары ақылға сыймайды,-дейді ұйым жетекшілері.

Газа денсаулық сақтау министрлігі Аль-Рантиси балалар ауруханасы әуе шабуылына ұшырағанын жеткізді.

Бұл аурухана онкологиялық сырқаттар, бүйрек жеткіліксіздігі және өміріне қауіп төндіретін басқа да аурулармен ауыратын балаларға арналған жалғыз мамандандырылған мекеме, – дейді Medical Aid for Palestinians ұйымының Газа қаласындағы директоры Фикр Шаллтут.

Израиль армиясы екі күнде 150-ден астам нысанаға соққы берген. Жергілікті тұрғындар түнгі атыстардың толастамағанын айтып жатыр.

Бірнеше күннен бері палестиналықтар Аль-Маваси аймағына қарай босып барады. Сәрсенбі күні Израиль уақытша екінші жол Салах-эд-Дин трассасын 48 сағатқа ашатынын жариялады.

Айта кетейік, жақын күндері Ұлыбритания Палестина тәуелсіздігін мойындамақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы