«Мың алғыс» радиомарафоны өтеді

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай Қазақ радиосы тікелей эфирінде 10 сағат бойы радиомарафон өтеді. Қоғамды ізігілік пен «Алғыс айту» күнінің мән-маңызын ашатын радиомарафон биыл 5-рет ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мысалы,  «Мың алғыс» қайырымдылық шарасы аясында 2018 жылы зағип сәби Арман Ардақұлына 2 940 000 теңге көлемінде көмек көрсетілсе, 2019 жылы көмекке мұқтаж бірнеше адамға 19 836 000 теңгеге көмек көрсетілген. Оның ішінде Әділет Арыстан есімді баланың еміне және 4 отбасыға баспана кілті табысталған. 2020 жылы Самат Ақбергеновтің еміне Дәулет Төлеутайұлының қолдауымен 19 388 450 теңге көмек көрсетілді.           

2021 жылы 1 наурызда радиомарафйон аясында Зарина Ниязбектің еміне 6 912 064 теңге, Ләйлә Бахтыбаеваға 6 348 865 теңге, радиожурналист Бағдат Мұхтарұлына 4 855 859 теңге, Балнұр мен Нұрислам есімді кішкентай бүлдіршіндердің еміне 5 008 553 теңге көлемінде қайырымдылық жасалды, - деп хабарлады Қазақ радиосы.

Жалпы 4 жылдың ішінде «Мың алғыс» радио хабары мен аталған хабардың қорытынды есеп беру кеші ретінде өтетін дәстүрлі марафон аясында 255 103 826 теңге көлемінде көмек көрсетілген. 

1-наурыз күні 9.00 ден 19.00 өтетін «Мың алғыс» радиомарафонына жақсылық жасап алғысқа бөленген кейіпкерлер мен ерекше кәсіп иелері, құтақрушылар, спорт саңлақтары мен өнерпаздар және тұрақты радио тыңдаушылар қатысады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: «Мың алғыс» радиомарафоны өтеді
Өзгелердің жаңалығы