"Мылтықтың сабымен ұрған": Прокурор жанжалды баяндады
Бүгін жасөспірім Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Прокурорлың айтуынша, жәбірленушілерге қатыгездікпен шабуыл жасаған күдіктілердің әрекеттері ауыр қылмыс ретінде қарастырылып отыр.
Айыптау актісіне сәйкес, Белғожаев Полатты басынан аяқпен теуіп, жиналмалы бәкі пышағының сабымен Шерзаттың басынан бірнеше рет соққы жасаған. Оқиға орнында болған Ілиясов сол жерде жатқан 16 калибрлі мылтықты алып, оның сабымен Полаттың басынан бір рет ұрып, соққы кездейсоқ анасының оң жақ қолына тиген.
Сотта айыптаушы Ілиясовтың әрекетпен тоқтап қалмағанын айтты. Ол мылтықтың сабымен Ғайыпбаевтың басынан бірнеше рет соққы жасап, кейіннен Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Ілиясов, Белғожаев, Тәкиев, Шынасыл бірге қол-аяқтарымен жерде жатқан Ғайыпбаев пен Полатты ұрып-соққан.
Бұған қоса, Шынасыл Ғайыпбаевқа қоңыр түсті ас пышағымен жамбас тұсынан бір рет сұғып, ауыр жарақат келтірген. Сәкиев болса, тергеу барысында нақтыланбаған пышақпен жәбірленушінің иығына екі рет сұққан. Салдарынан Ғайыпбаев есінен танып, күдіктілер оны өлді деп ойлаған.
Ғайыпбаев ауыр жараланғанына қарамастан, тірі қалған.
Еске салсақ, Шерзат Болатқа қатысты сот алдағы уақытта қайда өтетіні белгілі болды.
Сот барысында прокурор айыптау актісін оқыды, сөзінше, Шерзаттың жүрек тұсына пышақ сұққан. Сотталушы анасын қорғаушы ретінде қарауды сұрады.
Аталған іске қатысты сот отырысы аптасына екі рет өтетін болды. Прокурор Ержан Құрақбаев күдіктілердің сұмдық әрекеттерін жария етті. Айтуынша, күдіктінің бірі Шерзат Болаттың әжесін итеріп, құлатқан.
Сотталушылар істі алқабилердің қарауынан бас тартты.