Мьянманың бұрынғы сұлулық ханшайымы жер сілкінісі кезінде баланы құтқарамын деп қайтыс болды
Мьянманың "Туризм аруы" атағын алған Сили Ми қатты жер сілкінісі кезінде баланы құтқару үшін ғимараттан шығып, қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Need to Know (NTK) басылымына сілтеме жасап.
Құтқарушылар 12 қабатты тұрғын үй кешенінің қирандылары арасынан Сили Мидің денесін тапты. Ол осы ғимаратта қалып қойған баланы құтқару үшін барған, - делінген материалда.
Сили Ми жоғалып кеткеннен кейін бес күннен соң табылды.
Сили Ми 28 жаста болатын. Ол 2018 жылы "Әлем Туризм аруы" байқауында ел атынан қатысып, "Мьянма Туризм аруы" атағын жеңіп алған. Байқаудың ұйымдастырушылары оның жоғалуына байланысты отбасы мен достарына көңіл айтты.
Еске сала кетейік, 28 наурызда Мьянмада 7,7 және 6,4 баллдық екі жер сілкінісі орын алды. Эпицентрінің бірі Мандалай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 31 км жерде болды. Жер сілкінісі салдарынан 3,6 мың адам қаза тауып, 5 мыңнан астам адам жарақат алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Өзгелердің жаңалығы