11 Сәуір 2025 2025, 22:32
Фото: Reuters
Мьянмадағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 3689 адамға жетті
Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3689 адамға жетті.
Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3689 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ China Daily-ге сілтеме жасап.
Сондай-ақ, 5020 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Тағы 139 адам хабар-ошарсыз кеткен деп есептелуде.
Бұған дейін, 28 наурызда, Мьянмада магнитудасы 7,7 және 6,4 болатын екі жер сілкінісі тіркелген еді. Жерасты дүмпулері Мандалай қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 31 шақырым жерде орын алған.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, 11 сәуірде аймақта тағы бір – 4,8 баллдық жер сілкінісі болған. Қазіргі уақытта оның зардаптары туралы нақты ақпарат жоқ.