Мьянмада мектепке оқ атылып, 21 оқушы зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мьянманың Бутидаунг ауданында орналасқан мектептің 21 оқушысы түрлі жарақат алды. 

Бұл туралы Mizzima интернет-порталы жазды. Бұл аудан әскери қақтығыстарға өте жақын орналасқан. 

Мектепке қай тарап оқ атқаны әзірге белгісіз. Ракхайн штатының солтүстігінде Мьянма қарулы күштері аракандықтардың әскери тобы "Аракан армиясына" қарсы әскери қақтығыс жасайды. Ракхайнның солтүстігіндегі қақтығыстар өткен жылдың қаңтарында басталды. Қақтығыс салдарынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты, жүздеген адам жарақат алды. 

Жыл ішінде 100 мыңнан астам адам әскери қақтығыс аймағындағы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы