Мьянмада екібасты бала дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерекше сәбиді ел астанасының мамандандырылған педиатриялық медициналық мекемесінде қарап, тексеріп жатыр.
Мьянма астанасы Нейпьидода екі басы бар ұл бала дүниеге келді. Бұл туралы Korrespondent.net елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Ерекше баланың анасы 29 жастағы Санда Мьин. Ол нәрестені ел астанасының аудандық ауруханаларының бірінде босанған. Кейіннен сәбиді мамандандырылған педиатриялық медициналық мекемеге ауыстырды.
Ведомство баланың жағдайына қатысты ақпарат таратпады.
Еске салсақ, былтыр Үндістанда екі басты үш қолы бар бала дүниеге келген болатын. Дәрігерлердің айтуынша, бір эмбрион анасының құрсағында екінші эмбрионды жұтып қойған болуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
КВИ-ге шалдыққан 100 науқастың жағдайы нашар – ДСМ
Өзгелердің жаңалығы