Мьянмада 100 келіден астам есірткі тәркіленді

Мьянманың оңтүстігінде 100 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, ел билігі жуырда оңтүстік өңірде жүргізілген операция барысында 100 келі метамфетамин мен 13 келі кетаминді анықтаған.

Бұл туралы есірткі қарсы күрес комитеті мәлімдеді.

Комитет полиция Баго өңіріндегі Вав қаласында арнайы операция жүргізіп, 3,7 мдож кьят, яғни 1,76 млн доллардың есірткісін тәркілеген.

Үш күдіктіге есірткі құралдары мен психотропты заттар туралы ұлттық заңмен тыйым салу бойынша айып тағылып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: upload.wikimedia.org
Өзгелердің жаңалығы