Музыкатанушы Юрий Аравин «Отан» орденімен марапатталды
Алматы, BAQ.KZ. Көрнекті музыкатанушыға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік награданы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тапсырды.
Юрий Аравинді «Отан» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа 13 наурызда қол қойылған.
Ұлттық мәдениетті және музыка өнерін насихаттау мен дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін музыкатанушы Юрий Петрович Аравин «Отан» орденімен наградталсын, - делінген құжатта.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Юрий Аравинге зор денсаулық және шығармашылық ұзақ өмір тіледі.
Юрий Аравин 1941 жылы 2 сәуірде Тверьде дүниеге келген. Қазақ музыкатанушысы, музыка педагогы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат» және «Отан» ордендерінің иегері. 1968 жылы Новосибирскідегі консерваторияның тарихи-теория факультетін, 1972 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын бітірген. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда сабақ берді. ҚР Композиторлар одағының мүшесі, ҚР Музыка қайраткерлері одағының мүшесі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы