Музыка мен жүрек үндестігі: Латын Америкасында Димашқа арналған флешмоб басталды

Латын Америкасы елдерінде Димаш Құдайбергенге арналған "Dimash in Latin America" жобасы басталды. Жанкүйерлер мәдени флешмоб ұйымдастырып, Қазақстан мен Латын Америкасы арасындағы мәдени көпір орнатуды көздейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жоба әсерлі видеороликтерден басталды: түрлі елдердің тұрғындары өз пейзаждарын, туларын, дәстүрлерін және күлімсіреген жүздерін Димаштың әндерімен бірге көрсетті. Бұл клиптер әлеуметтік желілерде кең таралып, бірқатар радиостанция мен БАҚ-та айтылды. Мексикада әншінің шығармашылығы мен жанкүйерлер бастамасына арналған арнайы телебағдарлама әзірленіп жатыр.

Жақын уақытта жоба жаңа деңгейге көтеріледі. Ұйымдастырушылар мәдени орталықтарда фестивальдер өткізуді жоспарлап отыр, онда Димаштың әуендері латиноамерикалық ырғақтармен, биімен және қолөнерімен үйлесетін болады. Әсіресе "Бейнеге айналған дауыс" атты ерекше көрме көпшіліктің назарын аударады деп күтілуде. Мұнда суретшілер қазақстандық орындаушының музыкасын арт-формада бейнелейді.

Алайда мұның бәрі тек бастамасы ғана. Жобаның түпкі идеясы – жай ғана концертке шақыру емес, мәдени диалогқа ұмтылу, халықтарды музыка мен өнер арқылы біріктіру. Ұйымдастырушылар елшіліктермен, университеттермен, мәдени орталықтармен серіктестік орнатып, бұл қозғалыстың халықаралық сипат алатынына сенеді.

Димаш тек дауысымен емес, жанымен ән салады. Ал Латын Америкасында оны ашық жүректі тұтас бір континент күтіп отыр, – дейді жобаны ұйымдастырушылар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы