Мұздағы қауіпсіздік. Қандай сақтық шараларын сақтау керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері балық аулау әуесқойлары арасында балық аулау орындарына профилактикалық рейд жүргізді. 

Рейд барысында департамент қызметкерлері волонтерлардың көмегімен балықшыларға жадынама таратып, қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы, азаматтық қорғау майоры Бауыржан Бейсенханов елордада суда қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.


Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті суда адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде. Елорда бойынша Есіл өзенінің ұзындығы - 32 шақырым. Қазіргі қыс мезгілінде осы 32 шақырым судың беті мұз болып қатып жатыр. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы департаментінің қызметкерлері балықшылар мен судан өтетін адамдарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні департамент қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өзеннің жағасына «Мұзға шығуға болмайды» деген 87 тақтайша орнатты. Сонымен қатар, департамет қызметкерлері Полиция департаментімен бірлесе балықшыларға байланысты рейдтік жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 32 рейдтік жұмыс өтті. Рейд барысында жадынамалар таратылуда, - деді майор.


Осы ретте қалалық ТЖД елорда тұрғындары мен қонақтарына мұз үстінде болған кездегі ережелерді сақтауды ескертті.


Мұздың жұқа және нәзік жерлеріне шығуға болмайды, мұздың бетімен автокөлікпен жүруге болмайды. Егер сырғанауға арналған жерлерге катоктар жасаған жағдайда мұздың қалыңдығы 15 сантиметрден кем болмауын ескертеді. Сондай-ақ, топтасқан адамдармен мұздың үстінде жүруге болмайды. Себебі жалғыз адам жүрген күннің өзінде мұздың қалыңдығы кемінде 10 см болуы қажет. Ал көлікпен өту кезінде мұздың қалыңдығы кемінде 30-40 сантиметрден кем болмауы керек, - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, ол адам мұз астына құлап кеткен жағдайда не істеуі тиіс екенін айтып берді.


Егер сіз мұздың бетімен келе жатып, суға құлап қалған жағдайда ең алдымен үрейге берілмеу қажет. Мұздың бетінде екі қолды екі жаққа жайып, мұздың бетінде тұрып, жақын маңайдағы кісілерді көмекке шақыру керек, - деп ескертті Бауыржан Бейсенханов.

Құтқарушылардың сөзінше, көп жағдайда балық аулаушылар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды.


Рейд кезінде Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетудің көрнекі көрсетілімі түрінде профилактикалық іс-шара, мұз астына түсіп кеткен адамды құтқару кезіндегі іс-қимылдарды көрсетті.

Құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарған соң, жылы жерге кіргізіп, аяқ-қолын уқалады. Кейін азаматқа үстіне жылы, құрғақ киім берілді.

Қауіпсіздік ережелері:

1) тәуліктің қараңғы уақытында және айнала нашар көрінген кезде мұзға шықпаңыз;

2) мұздың жұқа және қатпаған жерлеріне шықпаңыз;

3) мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға болмайды;

4) мұздағы шұңқырларға, жарықтарға, ойықтарға жақындамаңыз;

5) автомобильдермен өткелдерден тыс жерлерге шықпаңыз.

Мұз астына балық аулауға, балық аулауға қатысушыларға жеке құтқару құралдары болған жағдайда ғана жүзеге асыруға, шектеулі алаңда екіден көп шұңқыр тесуге және от жағуға жол берілмейді, сондай-ақ өту орындарында балық аулауға арналған желілерді орнатуға және шұңқырларды тесуге жол берілмейді.

Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 см. Жаяу өткелді жасау үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 15 см және одан астам. Автомобильдердің өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде - 30 см.

Мұз астына түсіп кеткен жағдайда не істеу керек?

- Мұз жарылған кезде сөмкеден тез арылу қажет, екі қолды жайып, етбетімен жатып, қауіпсіз аймаққа еңбектеп өтуге әрекет жасау керек. Қай жақтан келсеңіз, сол жаққа қарай қозғалу қажет;

- Мұз бетіне етбетімен жата ауысып, еңбектеп шығу керек;

- Бастысы сабырлық таныту қажет. Тіпті суда нашар жүзетін адам біраз уақыт суға батып кетпей тұра алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы