Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары пысықталды

Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері мұз үстіндегі қауіпсіздіктің алдын алу бойынша рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта мұздың қалыңдығы айтарлықтай болғанымен, мұздың үстімен жүру өте қауіпті. Мұз астындағы су массаларының қозғалысына байланысты мұзда адамдардың қауіпсіз болуына қауіп төндіретін шұңқырлар мен жарықтар пайда болады.

Мұз үстіндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде әкімшілік-профилактикалық рейдтер жүргізіледі.

Балық аулау құралдарын сататын дүкен сатушыларымен және балықшылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, мұз үстіндегі ережелер бойынша 90 жадынама таратылды. Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарласу қажет екендігін еске саламыз, - деп жазды Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы