22 Желтоқсан 2024 2024, 22:18 Фото: видеодан кадр

Мұз үстінде ойнап жүрген екі бала құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары екі баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

ТЖМ құтқарушылары екі баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Қонаев қаласы "Голубой залив" демалыс аймағында ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде ересектердің қарауынсыз мұз үстінде ойнап жүрген екі баланы тауып, жағаға жеткізді.

Балалар зардап шеккен жоқ, оларды ата-аналарына тапсырды, - делінген хабарламада.

ТЖМ ата-аналарды мұқият болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.