Мұз қалашық, коньки. Елордада қыс мезгілінің ресми ашылуы өтеді
Астананың орталық саябағында қыс мезгілінің ашылуы салтанатты түрде атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаппай мерекелер 23 желтоқсан күні болады.
Қысқы ойын-сауық орнының ашылуында әйгілі әнші Samoel өнер көрсетеді. Сонымен қатар мереке қонақтарын жүлделі ұтыс ойындары, мәнерлеп сырғанаушылар бағдарламасы мен DJ күтеді.
Күн салқындаған соң саябақта ұзындығы 290 метр болатын мұз айдынының соңғы қабаты құйылады. Бұл елордадағы ең ұзын мұз айдыны. Сондай-ақ орталық саябақта төбешіктер құйылады. Өз конькиі және сырғанағымен келушілер үшін мұзға шығу және төбешіктен сырғанау тегін, сонымен қатар саябақта жалға беру пункттері жұмыс істейді, - делінген Астана қаласы «Нұра» ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
Астаналықтар үшін мерекелік қалашықта фотоаймақтар, Coca-Cola трагі және тамақтану нүктелері орнатылған.
Жаппай мерекелер сағат 18.00-де басталады. Кіру Тұран даңғылынан.