Бүгiн 2026, 15:53 Фото: видеодан алынған кадр

Мұз айдынында сырғанағандай: Жамбылда жедел жәрдем көлігі көктайғақта апаттан әзер аман қалды

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы автожолда болған қауіпті сәттің видеосы таралуда.

Жамбыл облысында әлеуметтік желіде тараған видеода жедел жәрдем көлігінің тайғақ жолда сырғанап бара жатқаны көрсетілген. "ҚазАвтоЖол" 26 ақпанда Оңтүстік өңірлерде қар, боран және жол жағдайының нашарлауын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кадрларда жедел жәрдем көлігінің тайғақ жолда сырғанап бара жатқаны көрінеді – жүргізуші көлікті ұстап тұру үшін қатты тырысқан. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл жол учаскесі кеше уақытша жабылған.

"ҚазАвтоЖол" компаниясының хабарлауынша, 26 ақпанда Оңтүстік өңірлерде қар, боран және жол жағдайының нашарлауы күтілуде.