Германияда мүйізтұмсық көлікке шабуыл жасап, 3 рет аударып жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда жануарларды қарайтын әйелдің автокөлігіне құтырған мүйізтұмсық шабуыл жасап, машинасын аударып жіберді. Салдарынан әйелдің миы шайқалып, жеңіл жарақат алды, деп жазды Bild газеті.

Оқиға Германияда Ходенхаген қаласының Серенгети табиғи паркінде болды.


Әйел көлігін лақап аты Кузини деген мүйізтұмсыққа қарай бағыттап жүріп, сол арқылы оны қорасына қарай айдамақ болады. Алайда, ол қашудың орнына көлікке тап беріп, қатты соқтығысады. Соққының күші қатты болғаны соншалықты, көлік үш рет айналып түсті. Бұдан кейін де ашулы жануар онсыз да соғылып қалған көлікке шабуылдауды тоқтатпады. Парктің қызметкерлері дереу джиппен әйелге көмекке келді. Дәл сол уақытта мүйізтұмсықтың тынышталғанын күткен әйел терезеден шығып, әріптестерінің көлігіне отырды.

Парк әкімшілігінің деректеріне сүйенсек, Кузини 30 жаста. Ол Серенгети паркінде 1,5 жыл бойы мекен етіп келеді. Дегенмен, жануар бұл жерге үйрене алмай жүрген көрінеді.

Парк қызметкерлері оны тордан таңертең және кешкі уақытта парк аумағында келушілер болмаған кезде ғана шығарады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы