Мұсылмандарға Жаңа жылды тойлауға бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұсылмандардың Жаңа жылды тойлауы және балалардың шырша кешіне қатысуы Аллаға серік қосу болып есептелмейді. 

Бұл пікірді РФ Қоғамдық палатасының ұлтаралық және дінаралық қатынастарды үйлестіру жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары, Ресей мұсылмандары діни орталығының төрағасы, муфти Альбир Крганов айтты.

Бұл мәселе бойынша Ресейде де, шетелде де нақты түсініктемелер бар, оны мұсылмандар біледі. Жаңа жыл еліміздегі зайырлы мереке, ол күнтізбеде көп жылдардан бері бар, ал мұсылмандар бұл күні бүкіл әлеммен бірге қуанып, дүниетанымы мен сенімінен айнымайды. Олар бәрін түсінеді және мерекеге дейін де, мерекеден кейін де сол мұсылман болып қалады, - деді ол мұсылман отбасыларының балаларына Жаңа жыл мерекесіне қатысуға бола ма деген сұраққа жауап бергерде.

Мүфти бұл мәселе діндарларды алаңдатып отырғанын атап өтті.

30 жылдан астам рухани қызметтемін. Олар жыл сайын “тойлауға бола ма, не, қалай деген сұрақтарды қайталайды”, - деп түсіндірді ол.

Крганов радикалдардың басқа дін өкілдеріне ортақ Жаңа жылды тойлау қуанышын сенімнен шығу ретінде қабылдауы дұрыс емес екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қоқыс өткізіп, бонус ал
Өзгелердің жаңалығы