Мусин зейнетақы жинақтарын қалай жылдам тексеруге болатынын көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин зейнетақы жинақтарын eGov mobile арқылы қалай жылдам тексеруге болатынын көрсетті. Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 

Көптеген адамдар өздерінің зейнетақы жинақтарын осы жылы пайдалана алатындығын білу үшін тексеруге тырысуда. Зейнетақы жинақтарын eGov mobile арқылы жылдам тәсілмен қалай тексеруге болатынын көрсетемін. Жақын арада eGov mobile қосымшасында аударымдардың сәйкестігін және тұрғын үй сатып алу үшін жинақтарды пайдалану мүмкіндігін тексеруге арналған ыңғайлы калькуляторды іске асырамыз. eGov mobile пайдаланушысы болу өте оңай, бар болғаны eGov mobile қосымшасын жүктеп алыңыздар - деді министр.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы