Мусин шетелдік IT-компанияларды елімізге көшіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізге шетелдік IT-компанияларды көшіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
IT-экспорт соңғы екі жылда 2 есе өсті. Былтыр IT-нарығының көлемі 3,6 млрд АҚШ долларына жеткен еді. Экспорты акселерациялау бағдарламасы шеңберінде 800 мың АҚШ долларына келісімшарттар жасалды. Отандық компанияларды сыртқы нарықтарда қолдау үшін 8 шет елде презентациялар көрсетілді, - деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.
Мусиннің айтуынша, шетелдік IT-компанияларды көшіру бойынша ауқымды жұмыс істеліп жатыр.
Қазірдің өзінде айтарлық нәтиже бар, бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады. Астана Халықаралық қаржы орталығында Экспат орталығының базасында «бір терезе» қағидаты бойынша шетелдік IT-мамандар үшін арнайы қызмет іске қосылды. Бүгінде 1 мыңнан астам IT маманына көмек көрсетілді, - деді ведомство басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зияткерлік, объективтілік, адалдық секілді қасиеттер журналист мамандығының құрамдас бөлігі - министр
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы