Мусин саяси партияларды тіркеудегі өзгерістер туралы айтты
Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Министр сайлау заңнамасына қатысты түзетулер туралы айтты.
Демек, сайлау жүйесінің аралас моделіне көшуіне байланысты сайлауды өткізудің жүйесі толығымен қайта құрылады. Сайлау процесі заманның талаптарына сай жетіліп келеді. Депутаттық мандатты кері қайратып алу жаңа институты енгізіледі. Ауыл, және облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін сайлау кезең-кезеңімен енгізіледі, - деді ол.
Мусин саяси партияларды тіркеу тәртіптеріне қатысты түзетулер туралы айтты.
Демек саяси партияларды тіркеу үшін оның сандық шегі 20 мыңнан 5 мыңға дейін, саяси партиялардың аймақтардағы өкілдіктерінің саны 600-ден 200-ге дейін, саяси партияны құру кезіндегі бастамашыл топ азаматтарының саны 1 мыңнан 700-ге дейін қысқартылады. Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп тану бойынша Конституцияның 6-бабына қабылданған нақты түзетулер енгізу ұсынылады, - деді ол.
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары қабылданды.