Мусин Қазақстан неге +997 телефон кодынан бас тартқанын түсіндірді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин +997 коды бізде резервте бар екенін айтты. Алайда, +77 қалуға көпшіліктің шағымы әсер еткен , деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр Ресеймен арада мәміле барын атап өтіп, келешекте үкіметаралық сипатқа ие болатынын айтты.

Біз +77-ні өзімізге қалдырып, мемлекетаралық деңгейде келісімшартта бекітетін боламыз. Яғни азаматтарға ыңғайлы болсын дейміз. Жаңа кодқа ауысамыз десек оған бір жыл жетеді. Қиын шаруа емес. Бірақ 20 млн абонементіміз басқа интернет-платформаларда тіркеген кодтарын жаңарту жұмыстары қиындыққа ұшыратады. Сондықтан, дүниежүзілік мекемеде +997 кодын өзімізге резервке қойдық. Бірақ +77-ні тәмәмдап, өз кодымыз ретінде қалдыру үшін біз келісімшарт мәселелерін Ресейде талқылап, бір мәмілеге келдік. Қазіргі таңда мемлекетаралық тиісті процедуралар жүргізіліп жатыр, – дейді Бағдат Мусин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы