Мусин неге ауылдарда интернет сапасы нашар болғанын түсіндірді

Бұл туралы Үкімет кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

2018-2021 жылдар аралығында жасалған бағдарлама бойынша интернет желілері 1247 елді мекенге дейін жеткізілді. Бірақ сол ауылдардағы желілерге тек аурухана, мектеп және әкімдік қосылған болатын. Ал басқа адамдар қосылғысы келсе, қомақты ақша төлеуі керек болды. Осы олқылықтарды шешу үшін арнайы жоба әзірледік. Онда шағын ауылдардың ішіне желілерді тартамын деген кәсіпкерлерге субсидия беріледі, - деді Бағдат Мусин.

Бұған дейін министр Алматы, Астана және Шымкент қалаларының тек 15 пайызына ғана 5G қосылатынын айтқан еді.

Біріншіден, қазіргі таңда жыл сайын 30 пайыз смартфондар жаңарып жатыр. Ал біздің есептеуіміз бойынша - 20 пайыздан астамы жаңаруда. Яғни 5G желісі бүкіл смартфондарда ұстайды деген сөз. Екіншіден, былтыр ұйымдастыра алмадық, бірақ қазіргі таңда Алматыда 5G стансалары іске қосылды. Ал Астанада қыркүйектен бастап жылдың соңына дейін стансалар салынады. Алматы, Астана және Шымкент қалаларының 15 пайызы биыл 5G-мен қамтамасыз етіледі, - деп жауап берді Бағдат Мусин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы