Мусин Көксу ауруханасындағы PACS жүйесінің жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Жетісу облысының халқымен кездесті.

Өңірге сапары барысында цифрлық даму министрі Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаевпен бірге Көксу ауданы Балпық би ауылындағы аудандық орталық ауруханада болды. Нысанды аралап, ондағы дәрігерлер қолданатын ақпараттық жүйелермен танысты. Медицина мамандары ақпараттық жүйелерді қолданудағы әсерлерін бөлісіп, жұмысты одан әрі жетілдіру жөніндегі өз ойларын айтты.

Заманауи қосымшалар пациентке қамқорлық жасауға жәрдемші болуы керек, денсаулық жағдайы туралы және басқа да қажетті мәліметтерді есіне салып, оған хабарлама жолдап отыруы керек. Қазіргі кезде самртфондарды қалай қолдану керектігін кез келген адам біледі, сондықтан қазақстандықтар үшін өз денсаулығына қатысты қажетті деген жеке мәліметтерін алып отыру үшін өз девайсын қолданған қолайлы. Денсаулық сақтау министрлігі осыны іске асыру мәселесін бақылауға алуы тиіс, – деді министр.

Мұнан соң министр жергілікті ХҚО жұмысымен танысып, жеке азаматтар үшін қабылдау өткізді.

Халықпен кездесуі барысында Бағдат Мусин халыққа, сонымен қатар  жаңа цифрлық кеңістікте өмір сүретін болашақ ұрпаққа арналған жаңа мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Осы айда Мемлекет басшысы электронды құжаттарды қағаз құжаттармен тең қолдануға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Бұдан бөлек электронды үкіметпен біріккен байланысы бар барлық компаниялар мен мемлекеттік органдар клиенттен қағаз анықтамалар сұрауға құқы жоқ, – деді Бағдат Мусин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы