Мусин IT саласы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет өз нарығын экспортқа шығару бойынша жұмыс істейтін IT компанияларға шығындардың бір бөлігін өтейді! Сонымен қатар, біз IT компаниялар үшін тиімді несие береміз! ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деді.

Менің әріптестерім, Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, IT компаниялар биылдан бастап IT қызметтерін экспорттау кезінде өз шығындарының бір бөлігін өтеу мақсатында ауқымды жұмыстарды атқарды. Мысалы, маркетинг пен өз қызметтерін шетелде жылжыту шығындарының бір бөлігін өтеу. Жақын арада ережелер бекітіледі және индустриялық сертификаты бар компаниялар («Атамекен» ұлттық палатасы береді), Astana Hub қатысушы компаниялары QazTrade-ге өтінім бере алады. Бірақ алдымен осы ережелерді білу маңызды. Сондай-ақ, көптеген процестерді түсіндіретін ақпараттар бар. Қосымша ретінде, Сауда және интеграция министрлігі талқылау үшін OpenGov-қа орналастырады - деді ол әлеуметтік желіге жазған жазбасында.

Ол бұл мәселе барша әріптестерінің, депутаттардың қолдауы мен жұмыс жасауы және тиісінше Мемлекет басшысының «Экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қоюының арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Сонымен қатар министр Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде ұсыныстарын алғашқылардың бірі болып қолдаған Нұртай Сабильяновқа алғыс айтты.

Бұдан басқа, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлының бастамасы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы IT компаниялар ЕДБ-де бизнесті дамыту үшін жылдық 6%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен кредиттер ала алады. Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында біздің мамандар Ұлттық экономика министрлігіндегі әріптестерімен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына IT бойынша экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштерін енгізу бойынша мәселесін жұмыс барысында реттеді. Енді бағдарламалаумен, деректерді өңдеу қызметтерімен, қосымшаларды орналастырумен айналысатын компаниялар, компьютерлік сауаттылыққа оқыту және бағдарламалау қызметтерін ұсынатын компаниялар осындай қолдауды талап ете алады! Менің ойымша, бұл мемлекеттік қолдаудың керемет шаралары. Бұл нарықтың өсуіне нақты көмек және триггер бола алады. Егер Сізде IT компанияларды толғандыратын және бірге шеше алатын идеялар мен міндеттер болса, ұсыныңыз - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы