Мусин еліміздегі интернет жылдамдығының баяулауы неден екенін айтты
Елімізде неге соңғы уақытта интернет жылдамдығының баяулап қалды? Үкімет кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин себебін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, елдегі ақпарат жүйелеріне DDoS-шабуылдар жасалған.
Соңғы аптада тиісті ұйымдардың мәліметінше, Қазақтандағы ақпарат жүйелеріне DDoS және басқа шабуылдарға тап болған. Сондықтан елімізде интернет баяу жұмыс істеп тұр, - деді министр Үкімет отырысынан кейін.
Бағдат Мусиннің айтуына қарағанда, министрлік ақпарат қауіпсіздігі саласына жауап бермейді.
Цифрлық даму министрлігі ақпарат қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады. Ал ақпараттық жүйелерге жасалған шабуылды тойтаруға мемлекеттік техникалық қызмет жауап береді. Оларда тиісті құралдар мен ресурстар бар, - деді ведомство басшысы.
Бір қызығы Finprom.kz ресурсы 2021 жылы бБір жылда елдегі мобильді интернет жылдамдығы 42% артқан, деген ақпарат таратты. Мобильді интернеттің жылдамдығы 30,18 Мбит/с-қа жеткен. Былтырғы маусым айында бұл көрсеткіш 21,25 Мбит/с болатын, яғни жылдамдықтың артуы жылына 42% болған.