Мусин баттерфляй бойынша Қазақстан рекордын жаңартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күндері Қазақстан құрамасы Италияның Рим қаласында жүзуден іріктеу жарысына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыстың бірінші күні 100 м баттерфляйда Әділбек Мусин 2019 жылы Кванджуда (Корея) өткен әлем чемпионатында орнатқан Қазақстан рекордын жаңартты. Ол тиісті қашықтықты 0:52,40 уақытта бағындырды. Бұл алдыңғы рекордтан 6 секунд жылдамырақ.
Олимпиада ойындарына жолдама беретін "А" санатындағы нормативті орындауға Әділбек Мусинге 44секунд жетпей қалды.
100 м қашықтықта брасс бойынша қатысқан өнер Дмитрий Баландин 1:00,72 секунд нәтижесін тіркеді.
Александр Варакин еркін стильде 50 м қашықтықты 0:22,60 уақытта жүзіп өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елде қанша адам КВИ-ға қарсы екпе алды?
Өзгелердің жаңалығы