"Мұрны сынған, миы шайқалған": Алматыда жасөспірімге қатыгез шабуыл жасалды

Түрксіб ауданында жасөспірімге қатыгез шабуыл жасалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 28 маусым күні сағат 15:00 мен 16:00 аралығында Сейфуллин көшесінің бойындағы парк маңында болған. 

Жәбірленушінің анасының айтуынша, оның ұлына бір топ жасөспірім шабуыл жасаған. Олар баланы жабылып ұрып, пышақпен қорқытқан.

Қазір жасөспірім ауруханада жатыр. Оның мұрны сынған, миы шайқалған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жайт бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын және оған қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізуде, – деп хабарлады ведомство.

Құқық қорғау органдары шабуылға қатысы бар әрбір адамның әрекетіне заң аясында тиісті баға беріліп, шара қолданылатынын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: istockphoto.com
Өзгелердің жаңалығы