Мурманск облысында құны алтыннан жоғары минерал табылды
Жаңа минералды Кола ғылыми орталығы, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және А.Е. Ферсман атындағы Минералогия музейінің зерттеушілері бірлесіп тапқан. Ғалымдар оған «Кола ашкрофтині» деген атау берген.
Ресей ғалымдары Мурманск облысындағы Хибины тау жотасындағы Киров кенішінен ғылымға бұрын белгісіз болған жаңа минералды анықтады. Бұл туралы Ресейдің Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Жаңа минералды Кола ғылыми орталығы, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және А.Е. Ферсман атындағы Минералогия музейінің зерттеушілері бірлесіп тапқан. Ғалымдар оған «Кола ашкрофтині» деген атау берген.
Минералдың құрамында сирек кездесетін иттрий элементі бар. Мамандардың айтуынша, бұл минералдың тау жынысындағы өте жұқа қабатының өзі бір миллиметріне шамамен 145 АҚШ долларына бағаланады. Бұл көрсеткіш алтынның құнынан да жоғары.
Зерттеушілердің пікірінше, жаңа минералдың ашылуы сирек жер элементтерін зерттеуге және минералогия ғылымының дамуына маңызды үлес қоса алады.