Мұрат Жөребеков қызметінен босатылды
Премьер-министрдің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жөребеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының бірінші энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұрат Жөребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Strathclyde университетін, Гарвард бизнес мектебін, Қазақстан-Британ техникалық университетін тәмамдаған.
Әр жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондон қаласындағы «Аджип ККО» компаниясында, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «PSA» ЖШС-да жұмыс істеді.
2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін – ҚР энергетика вице-министрі.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР бірінші энергетика вице-министрі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астана аспанында истребительдер ұшады
Өзгелердің жаңалығы