Мұрат Нұртілеу ШЫҰ Хатшылығының штаб-пәтеріне барды
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу мақсатында Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында ШЫҰ Хатшылығына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу мақсатында Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында ШЫҰ Хатшылығына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сапар барысында ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен және Ұйым ұжымымен кездесу өтті. Тараптар Ұйымның ағымдағы қызметі, биік және жоғары деңгейлерде жоспарланған іс-шараларға, оның ішінде 2025 жылғы қыркүйекте Қытайда өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саммитіне дайындық мәселелерін талқылады.
Қазақстан Сыртқы істер министрі ШЫҰ Хатшылығына көпжақты ынтымақтастықты ілгерілету, сондай-ақ Ұйымның жалпы жұмысына үйлестіру жүргізу жөнінде маңызды миссия жүктелгенін атап өтті. Ол ШЫҰ жұмыс механизмдері мен құрылымдарының тиімділігін арттырудағы Хатшылық ұжымының күш-жігерін жоғары бағалады.
Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Хатшылықтың келіссөздер жүргізуге және ресми қабылдауларға арналған залдарымен, сондай-ақ кешенді жаңғыртудан өткен «Астана» залымен танысты.
- Оман Қазақстанға өз порттары арқылы сауда дәлізін дамытуды ұсынды 14:08
- Алматыда үйлерге жылу қашан беріле бастайды? 14:07
- Барселонада тұрғын үй бағасына қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты 13:58
- Астанада ер адамның саусақтары электр сүргіге қысылып, жарақат алды 13:56
- Арқалықта 35 білім беру қызметкеріне тиісті төлемдер берілмегені анықталды 13:40
- Автосалон директоры клиенттерді 128 млн теңгеге алдады 13:22
- Мейрамханадағы ескертуден кейін: Өскеменде полиция қызметкері жанжалдан қаза тапты 13:04