Мұрат Нұртілеу Қытайдың жаңа елшісін қабылдады

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайдың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Бұған қоса, ағымдағы жылы жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі екі елдің өзара ықпалдасуына ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Министр М.Нұртілеу Қытай Елшісіне Қазақстандағы қызметіне табыс тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: СІМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы