Мұрат Нұртілеу өзіне қатысты қауесетке жауап берді
Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Үкіметтің кулуарында өзін ұстады деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мұны түсіндіріп жатудың өзі артық. Сіздер менің жұмыс жиналыстарына қатысқанымды көрдіңіздер. Басқа елдердегі әріптестеріммен телефон арқылы сөйлескенімді де білесіздер. Инвесторлармен жұмыс кездесулері өтті. Бәрі әдеттегідей, – деді Нұртілеу.
Ал таратылған ақпаратқа байланысты сотқа шағымдана ма деген сұраққа былай деп жауап берді.
Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Арнайы уәкілетті органдар бар. Егер қажет болса, солар айналысады, - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді.
Ал бүгін "ұсталды" деген Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу көпшілік алдына шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚФФ президенті құраманың жеңілісіне қатысты мәлімдеме жасады
Өзгелердің жаңалығы