Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Астана мен Никосия арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік расталды.

Сонымен қатар 2025 жылға арналған аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сыртқы істер министрлігі
Өзгелердің жаңалығы