Мұрат Әйтенов қызметінен босатылды
Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Мұрат Әйтенов 1981 жылы дүниеге келген.
С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер, заңгер.
Еңбек жолында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап - Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарып келді.