Мұрат Ахметов жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. М. Ахметов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Жаңа басшыны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов таныстырды.
Мұрат Ахметов С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдарының кандидаты.
1992-2005 жылдары Павлодар облысының прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2005-2007 жылдары ҚР Бас прокуратурасының департамент бастығы.
2007 жылдан 2014 жылға дейін Нұрсұлтан қаласының, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары прокуратурасында басшылық лауазымдарды атқарды.
2014-2019 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басшысы болды.
Қазіргі тағайындауға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1 департаментінің басшысы болды.