Мұрагер ханзада әлемдегі ең биік ғимараттан секіріп кетті
Дубайда мұрагер ханзада шейх Хамдан бен Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум әлемдегі ең биік зәулім үй – Бурдж Халифадан парашютпен секірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Gulf News басылымы таратқан мәліметке сәйкес, ол әлемнің 15 мемлекетінен келген өзге де экстремалдармен бірге ғимараттың 139-шы қабатынан секірген.
Белгілі болғандай, екі күн бойы спортшылар барлық қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, арнайы жабдықталған 12 метрлік платформада 437 рет секіруді орындаған.
Бурдж-Халифа ғимаратында мұндай парашютпен секіру бойынша фестиваль алғаш рет 2014 жылы өткізілгені айтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық әйгілі әнші "қара тізімге" енді
Келесі жаңалық
Алматыда жазушы Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды
Өзгелердің жаңалығы