“Мұнайсыз да өсіп жатырмыз”. Қаржы министрі есеп берді
2024 жылы жалпы ішкі өнім 4,8 пайызға өсті. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл негізі мұнайға қатысты емес сектор есебінен қамтамасыз етілді. Биыл 5 айдың қортындысы бойынша жалпы ішкі өнім өсуі 6 пайызға жетті. Бюджеттегі мұнайға қатысты емес кірістердің үлесі өткен жылы 2,5 пайыз тармаққа өсті. Инфляция деңгейі 9,8 пайыздан 8,6 пайызға дейін төмендеді. Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3,6 трлн теңге немесе 2,7 пайызға жетті. Мемлекеттік борыш 31,8 трлн теңге. Ұлттық қордың активтері өткен жылы 16 пайызға өсіп, 66,2 млрд долларға жетті. "Ұлттық қордан - балаларға" бағдарламасы бойынша 2 жылда шамамен 7 млн баланың әрқайсысына 233 доллар есептелді, - дейді Тәкиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы