Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге қысқартады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет мұндай міндеттемелерді екі ай мерзімге ОПЕК+ келісімі аясында өз мойнына алды, деп хабарлады ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
12 сәуірде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрліктерінің вебинары барысында ОПЕК+ елдерінің, сондай-ақ ОПЕК+ құрамына кірмейтін елдердің мұнай өндіруі тәулігіне 9,7 млн.баррельге ұжымдық қысқарту туралы келісімде консенсусқа қол жеткізілді. Бұл әлемдік мұнай индустриясы тарихында мұнай өндірісін ең үлкен ұжымдық қысқартудың бірі. Қазақстан өз кезегінде келісімдегі консенсусқа қолдау көрсетіп, тәулігіне 390 мың баррельге өндіруді қысқарту міндетін өз мойнына алды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Мұндай шешім бірінші кезекте мұнай нарығында ғана емес, бүкіл әлемде қалыптасқан күрделі жағдайдан туындайды.
Коронавирус пандемиясына байланысты барлық елдерде мұнайға деген сұраныс күрт төмендеді, сондықтан ОПЕК хатшылығының өндіруді ұжымдық қысқарту туралы ұсынысы орынды және уақтылы шешім болып саналады.
Егер ОПЕК + мәмілесі жасалмаса, мұнай өндіруші елдер кез-келген жағдайда өндірісті қысқартатын еді, өйткені нарықтың барлық ойыншыларының алдында тұрған проблема сақтау қоймаларының толып кетуі, сондай-ақ бүгінгі таңда әлемде мұнай көп болғандықтан, сұраныстың болмауы.
ОПЕК + мәмілесінің арқасында өндірістің қысқаруы ұжымдық, бақыланатын болады және нарыққа оң серпін береді, бұл сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының өсуіне оң әсер етеді, сондай-ақ сақтау қоймаларындағы мұнайдың толып кетуі мәселесін шешеді.
Энергетика министрлігі қазіргі уақытта мұнай өндірісін қысқарту сценарийін әзірлеуде.