Мұнай өндірісіне арналған жаңа құрылғы ұсынылды

Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 форумы аясында мамандар мұнай өндіру саласына арналған жаңа құрылғыны таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа технология ұңғымалардағы сорғылардың жұмысын тиімді қадағалап, өндіріс үдерісін оңтайландыруға бағытталған.

Жоба авторларының айтуынша, бұл сорғыны реттегіш құрылғы платформаның негізінде жасалған. Ол сорғының жұмысын автоматты түрде басқарып, қуатты нақты жағдайға қарай азайтып немесе көбейтіп отырады. Бұл мұнай өндіру кезінде энергияны үнемдеп, жабдықтың тозуын азайтуға мүмкіндік береді.

Біз платформамыздың негізінде бақылаушы құрылғы жасадық. Ол сорғының жұмысын үздіксіз қадағалап, тиімділігін арттырады. Мысалы, егер ұңғымадағы қысым белгілі деңгейден төмен түссе, құрылғы автоматты түрде сорғыны іске қосып, өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, – деп атап өтті жоба жетекшісі Азамат Төлебаев.

Мәлімдеуінше, құрылғы мұнай өндіруде өнімділікті арттырып қана қоймай, техникалық ақаулардың алдын алуға және шығынды азайтуға ықпал етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы