Мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, өрт шықты
АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы Артижа қаласында орналасқан HF Sinclair Navajo мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, одан кейін ірі өрт тұтанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, компанияның ресми өкілі Коринн Смиттің мәлімдемесіне сәйкес, апат салдарынан кемінде үш адам жарақат алған. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілуде.
Жарылыстан кейін қала үстін қою түтін басып, ол алыстан да анық көрінген. Билік тұрғындарға үйден шықпауға, терезе мен есіктерді жауып қоюға және зауыт маңындағы аудандардан аулақ болуға кеңес берді.
Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Апаттың себептері мен мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тәжікстанда ірі мұздық көшкіні болды
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы