Мұнай-газ алпауыттары 240 млн долларға отандық тауар сатып алады
Астана қаласында ірі мұнай-газ жобалары бойынша жер қойнауын пайдаланушылар «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), «Норт Каспиан Оперейтинг компани Н.В.» (НКОК), «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) және отандық тауар өндірушілер мен (жұмыс) қызмет түрлерін жеткізушілер арасында осы жобалар үшін сатып алынатын мұнай-газ жабдықтары мен тауарлары бойынша жалпы сомасы шамамен 240 млн доллар болатын келісімшарттарға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Келісімшарттарға қол қою рәсімінде Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Е.Т. Жаңбыршин, Энергетика министрі А. М. Сәтқалиев, КПО, НКОК, ТШО кәсіпорындарының бірінші басшылары сөз сөйледі.
Бұл шара Қазақстан Республикасының премьер-министрі О.Бектеновтің еліміздігі ішкі мүмкіндіктерді дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, (қауіпсіздік клапандары) Leser (Германия), Beruseal (Оңтүстік Африка) (жылдам босатылатын қысқыштар), John Crane (АҚШ) (дымқыл тығыздағыштар, муфтылар және дымқыл тығыздағыштарды жөндеу жинақтары) компанияларымен жаңа өндірістерді (қауіпсіздік клапандары) еліміздің аумағында шоғырландыру жоспарлануда.
Осы бағыттағы бірлескен жұмыстар, оның ішінде нақты нысаналы көрсеткіштерді белгілей отырып, ірі мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту бағдарламаларын қайта қарау шаралары жалғасын табады.