Бүгiн 2026, 08:28 Фото: depositphotos.com

Мұнай дағдарысы: АҚШ Үндістанға Ресей мұнайын уақытша сатып алуға рұқсат берді

Әлемде мұнай дағдарысы басталып кетті.

АҚШ Үндістанға теңізде танкерлерде тұрған Ресей мұнайын уақытша сатып алуға рұқсат берді. Бұл туралы АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаржы министрі бұл рұқсаттың тек уақытша екенін және мұнайдың тек теңіздегі танкерлерде тұрған партияларына ғана берілетінін атап өтті. Ол сондай-ақ бұл шара Ресей үкіметіне айтарлықтай қаржылық пайда әкелмейтінін жеткізді.

Дүниежүзілік нарыққа мұнайдың үздіксіз ағымын қамтамасыз ету үшін Қаржы министрлігі Үндістанның мұнай өңдеу зауыттарына Ресей мұнайын сатып алуға 30 күндік уақытша рұқсат береді. Бұл қысқа мерзімді шара ғана, Ресей үкіметіне айтарлықтай пайда әкелмейді, өйткені тек теңізде тұрған мұнайға рұқсат беріледі, – деп жазды Скотт Бессент X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Ол сондай-ақ бұл уақытша шара Иранның әлемдік энергетикалық нарықты басып алу әрекетінен туындаған қысымды азайтуға көмектесетінін атап өтті.

Сонымен қатар Бессент АҚШ үшін маңызды серіктес болып табылатын Үндістан америкалық мұнай сатып алуды көбейтеді деген үмітін білдірді.