Мұнай бағасы құлдырап барады, Brent 73 доллардан төмен түсті
Әлемдік мұнай бағасы құлдырап, Brent маркалы мұнайдың құны 73 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Лондондағы ICE биржасындағы мәліметтерге сәйкес, Астана уақытымен 08:23-те Brent мұнайының фьючерстері 0,29 пайызға төмендеп, 72,29 долларды құрады. Ал сәуір айында жеткізілетін WTI мұнайының бағасы 0,13 пайызға арзандап, 68,84 доллар болды.
Бағаның төмендеуіне бірнеше негізгі факторлар әсер етті. Сарапшылар Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс шешілген жағдайда, Ресейден мұнай жеткізілімінің қайта жандануын күту нарыққа қысым жасап отыр деген пікірде. Сондай-ақ, әлемдік экономикалық өсімнің баяулауына сұраныстың төмендеуі де ықпал етуде.
Сонымен қатар, АҚШ-тағы мұнай қоры туралы мәліметтер де нарыққа әсер еткен. Америкалық мұнай институтының деректеріне сәйкес, елдегі мұнай резервтері 640 мың баррельге азайған, ал сарапшылар болса оның керісінше өсетінін болжаған еді.