Мун Чжэ Ин 15 сәуірге дейін Трамппен кездескісі келеді – БАҚ 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Корея билігі алдағы екі ай ішінде Америка президентімен саммит өткізгісі келіп отыр. Бұл туралы Үкіметтегі дереккөзге сілтеме жасап "Чосон ильбо" газеті жазды.

Чхонвадэ (президент әкімшілігі) соңғы кездері америкалық тарапқа екіжақты саммит өткізгісі келетіні туралы түрлі деңгейде хабарлаған. Президенттік сайлауға байланысты Дональд Трамптың тығыз графигін ескерсек кездесу болады деп нақты айту қиындай. Бірақ саммит өткізу үшін тиісті шаралар жалғасады, - деді дереккөз.
Газеттің хабарлауынша, Оңтүстік Корея президенті хатшылығының мүшелері – Ұлттық қауіпсіздік басқарма бастығының екінші орынбасары Ким Хён Чжон және Бейбітшілікті жоспарлау жөніндегі хатшысы Чхве Чжон Кон жақында АҚШ-қа іссапармен барған кезде мұндай хабарламаны америкалық тарапқа жеткізген. Енді Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Кан Гён Хва да Мюнхен конференциясы кезінде мемлекеттік департамент басшысы Майк Помпеомен кездесуде де осы өтінішті айтуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы