ХҚКО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы кабинет ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласының №1 орталық ХҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кабинет ашылды.
Мұнда олар мемлекеттік қызметтер, әлеуметтік төлемдер және құқықтық сұрақтары бойынша тегін кеңес алумен қатар, цифрлық дағдыларын арттырып, шығармашылығын шыңдамақ.
Жоба "Еріктілер жылы" аясында және "Қолжетімді Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында іске асуда.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы "Қазақстан Коммунистік Халық партиясы" Қызылорда облыстық филиалымен және "Волонтеры Кызылорда", "Pro Bono", "Инклюзивті шығармашылық" қоғамдық қорлары, "Бітім" медиация орталығымен алтыжақты меморандумға қол қойып, алдағы уақытта өтетін біріккен шаралар туралы талқылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Танзанияда зәйтүн майын жағуға келген 20 адам қайтыс болды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы