Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да сайлауда белсенділік танытты

Бүгінгі сайлауда оңтүстіктің ең ыстық нүктесіндегі Мақтаарал ауданында 63 сайлау учаскесі белсенді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Аудандағы барлығы дерлік сайлау учаскелері ғаламтормен, байланыс желілерімен, бейнебақылау камераларымен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал-жабдықтармен қамтылды. 

Сонымен бірге, учаскелерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да толықтай жағдай жасалған. Ол үшін сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы кабиналар, тактильдік көрсеткіштер, арнайы бұрыштар, мониторлы компьютерлер, құлақаспаптар, ұлғайтқыштар, тұтқалар және пандустар жабдықталды. Одан бөлек, көзі көрмейтін зағип жандар үшін 61 сайлау учаскесіне тактильді жолақтар орнатылды. 

«Сайлау учаскелері» жекелеген санатын бөле отырып, inva.gov.kz сайтындағы интерактивті қолжетімділік картасына мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы жерлер көрсетілген ақпараттар электронды картаға енгізілді. 

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін 7 сурдо-тифло аудармашы, 3 инватакси, 4 әлеуметтік таксилер аталған азаматтарға қызмет көрсетуде. 

Бүгінгі сайлауға ауданда денсаулығына байланысты төсек тартып жатқан азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай қарастырылып, аталған тұрғындар үйде отырып дауыс беріп шықты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы