Мумбайда Қазақстан-Үндістан қатынастары талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үндістандағы елшісі Ерлан Әлімбаев елдің ірі сауда-қаржы және іскерлік орталығы – Мумбай қаласына жұмыс іс-сапарымен барды, деп хабарлады СІМ ресми сайты.
Қазақстандық дипломат Махараштра штатының губернаторы Ш.Кошиаримен кездесіп, еліміздің Үндістанмен қарым-қатынастарының даму тарихына, сондай-ақ екі жақты сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты кеңінен пікір алмасты.Сонымен қатар, елші Ерлан Әлімбаев жетекші сауда-өнеркәсіп палатасының, Eximbank, Мумбай теңіз портының, Махиндра компаниялар тобының басшылығымен, бизнес өкілдерімен және әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы қалай үй алуға болады
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы