Мұхтар Тілеуберді ШЫҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді кезектен тыс президенттік сайлауда ШЫҰ байқаушыларының миссиясын басқаратын Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чжан Мин ШЫҰ елдері әлеуметтік-саяси трансформацияның және «Әділетті Қазақстанды» құруының белсенді процестерін мұқият бақылап отырғанын атап өтті.

М.Тілеуберді ШЫҰ қызметінің түрлі аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымы және 2023-2024 жылдары ҚР-дың ШЫҰ-ға төрағалық етуге дайындық барысы туралы хабардар етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы